Түркиядан баспана алып жатқан қазақстандықтар көбейді

Түркиядан баспана алып жатқан қазақстандықтар көбейді

Түркиядан баспана алып жатқан қазақстандықтар көбейді
ашық дереккөзі
Түркиядан баспана алып жатқан қазақстандықтардың саны төрт есе өсті, деп хабарлады Turkystan.kz. «Астана» телеарнасында берілген сюжетте 9 айдың ішінде 25 мың қазақстандық басқа мемлекетке қоныс аударғаны айтылды. Басым бөлігі Түркияны таңдаған. Ресми мәліметтер бойынша, 2017 жылы қазақстандықтар Түркиядан 334 пәтер сатып алған болса, биылғы 9 айдың ішінде бұл көрсеткіш 1339-ға жеткен. Түркияға көшкендердің көбі Алания, Анталия аймақтарын таңдаған.
«Құрылыс салушы компания үйдің сызбасын сызып жатқанда алсаңыз, әлдеқайда арзанырақ аласыз. Егер қаласаңыз, құрылыс аяқтала салысымен сатып жіберіп, пәтердің үстінен 20-30 пайыз пайда көре аласыз. Ал шаршы метрі 50-70 болатын дайын пәтерді 50 мың еуроға сатып алуға болады. Түркиядағы нарықта сіз үйді жиһаздарымен ала аласыз. Тек тіс щеткасы мен чемоданыңызбен келсеңіз болды», - деді Түркиядағы жылжымайтын мүлік сату агенті Мейірбек Тұрмағамбетов.
Мейірбек Тұрмағамбетовтің мәліметінше, наурыз айынан бері Түркиядан екі мыңға жуық қазақстандық баспана сатып алған. Баспана алушылар ол жақтағы үй бағасының арзандығын алға тартады.