Аралға ақырзаманның «қара жәшігі» орнатылатын болды

Аралға ақырзаманның «қара жәшігі» орнатылатын болды

Аралға ақырзаманның «қара жәшігі» орнатылатын болды
ашық дереккөзі
Австралияның Тасмания аралына ақырзаман туса да бұзылмайтын қара жәшік орнатылады, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Ғалымдар «жаман айтпай, жақсы жоқ» деп отыр. Алда-жалда ғаламшарға қауіп төнсе, ондағы ақырғы сәттер таспаға жазылып қалады. Күн қуатымен жұмыс істейтін құрылғыға ауа райының өзгеруіне қатысты ақпарат жүктеліп тұрады. Сөйтіп апат болған жағдайда қара жәшік Жердің болашақ тұрғындарына адамзаттың жойылып кету сырын ашып беруі тиіс. Оның құрылысы 2022 жылдың соңында басталады деп жоспарланған. Бірақ мәлімет қазірдің өзінде жазылып жатыр.
«Біз экологиялық апат алдында тұрмыз. Мұның алдын алу үшін тырыспадық та. Сондықтан қара жәшікті бірнеше мақсатпен жасадық. Біріншіден, оған қолға алынған және алынбаған шаралар тіркеледі. Болашақ буын біздің қателіктерімізге қарап үйренсін. Екіншіден, әлем елдері көшбасшыларынан бекітілген міндеттемелер бойынша есеп сұрай аламыз. Бұдан бөлек, жәшіктегі ақпаратты мектептер мен жоғары оқу орындарында пайдалануға болады», - дейді Clemenger Bbdo атқарушы директоры Джим Кертис.