Сәуле Омарова АҚШ-та жоғары лауазымынан бас тартты

Сәуле Омарова АҚШ-та жоғары лауазымынан бас тартты

Сәуле Омарова АҚШ-та жоғары лауазымынан бас тартты
ашық дереккөзі

Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігінде банктердің реттеушісі лауазымына тағайындалудан бас тартты, деп хабарлады Turkystan.kz.

«Мен Сәуле Омарованың валюталық бақылау басқармасының басшысы лауазымына кандидатурасын кері қайтарып алу туралы өтінішін қабылдадым», – деді АҚШ президенті Джо Байден.

Сәуле Омарова Қаржы министрлігіндегі орыннан бас тартқан себебі, ары қарай өз кандидатурасын ұсынуды орынсыз деп санаған.

Байден Сауле Омарованы 2021 жылдың қараша айының басында бөлім басшыларының бірі етіп тағайындады.

Айта кетейік, АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасының банк комитетіндегі тыңдалымы барысында республикалық партия мүшелері Омароваға бірқатар сұрақтар қойып, “тергеу” жүргізген. Парламент өкілдері оның коммунизмді жақтайтын идеяларының бар-жоғын анықтауға тырысқан еді.