150-ден астам басшы жемқорлық үшін жазаланды

150-ден астам басшы жемқорлық үшін жазаланды

150-ден астам басшы жемқорлық үшін жазаланды
ашық дереккөзі
Қазақстанда биылғы қаңтар мен қараша айлары аралығында сыбайлс жемқорлыққа жол беріп, бюджет қаражатын жымқырған облыс деңгейіндегі 159 басшы жауапқа тартылды, деп жазады turkystan.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. Ведомствоның жұмысы жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы Марат Ахметжановтың айтуынша, биыл 11 айдың ішінде 1576 қылмыс тіркелген. «Тексерістердің нәтижесінде өңірлерде 1280 азамат, оның ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі 159 басшы жемқорлық қылмыс бойынша жауапқа тартылды. Талан-таражға түскен 20 миллиард теңгеден астам қаржы бюджетке қайтарылды», – деді агенттік басшысы. Ресми хабарламаға қарағанда, ведомство жетекшісі Президентке ауыл шаруашылығын субсидиялауға жасалған кешенді сараптамалар, көлік саласындағы жағдай және қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындылары туралы мәлімет берген. Ал Мемлекет басшысы баяндамашының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдеріне қолдау білдірген. Бірақ хабарламада бұл нақты қандай тәсілдер екені айтылмаған.