Мәскеуде болған атыстан екі адам қаза тапты

Мәскеуде болған атыстан екі адам қаза тапты

Мәскеуде болған атыстан екі адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Белгісіз ер адам Мәскеудің оңтүстік-шығысында орналасқан көпсалалы орталыққа қарай оқ жаудырған, деп хабарлады turkystan.kz. Мәскеу мэрі Сергей Собянин атыс салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам жараланғаны жайлы өзі мәлімдеді.
«Рязаньск орталығында қайғылы оқиға болды. Белгісіз адам атқан оқтан екі адам қаза тауып, үшеуі жараланды. Көп өтпей кісі өлтіруші ұсталды. Қаза тапқандар мен қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Дәрігерлер жаралыларға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», - деп жазды С. Собянин Twitter-де.
Оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.