Жаңалықтар

Қаржы агенттігі 1 миллион долларды өртеп жіберді

ашық дереккөзі

Қаржы агенттігі 1 миллион долларды өртеп жіберді

Алматыда жалған ақшаны айналымға жібермек болған азамат ұсталды. Ол енді 6 жылға сотталады. Ал Қаржы агенттігі қолдан жасалған бір миллион долларды өртеп жіберді, деп деп хабарлады turkystan.kz. Т. Қалиев бұған дейін 100 АҚШ доллары болатын жалған купюраларды бірнеше рет өткізіп жіберген. «Қызметкерлер жедел бақылаудағы сатып алуды жүргізіп, оның барысында қала тұрғыны Т. Қалиев 293 мың АҚШ доллар болатын жалған купюраларды өткізу кезінде ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, Т. Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізген. Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді», – деді Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі. Т. Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.