Ұрлаған жылқысын үй ішіне қамаған (ВИДЕО)

Ұрлаған жылқысын үй ішіне қамаған (ВИДЕО)

Ұрлаған жылқысын үй ішіне қамаған (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақмола облысы Астарахан ауданы Петровка ауылында ұрланған үш жылқының біреуі үй ішінен табылды, деп хабарлады turkystan.kz. Мал иесі жылқылары жоғалған соң полицияға хабар берген. Ал олар иісшіл иттің көмегімен жоғалған биенің бірін ауылдағы үйдің төргі бөлмесінен тапқан. Оқиғаның бейнежазбасы  интернетте қызу талқыланып жатыр.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)

Кадрда үй ішінде байлаулы тұрған биенің қасында мас адамның аяқ-киіммен алаңсыз жатқанын байқауға болады. Оның табанынан қораға кіргенін байқау да қиынға соқпаған секілді.
«Биеден басқа екі жылқы далада жүрген жерінен табылды. Айыпты тұрғынға қатысты іс қозғалды», – деп жазылған дереккөзде.
Келтірілген шығын – 950 мың теңге.