Өзбекстанның сауда орталығында жарылыс болды

Өзбекстанның сауда орталығында жарылыс болды

Өзбекстанның сауда орталығында жарылыс болды
ашық дереккөзі
Өзбекстанның Денау қаласында орналасқан «Инденим» сауда орталығында жарылыс болды. Салдарынан екі адам қаза тауып, тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлады turkystan.kz. Өзбекстанның Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 03:57-де «Инденим» сауда орталығында газ жарылған. Салдарынан ғимарат жартылай қираған. Жарылыс ошағына жақын бөлмеде болған тоғыз адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиғадан кейін тұтанған өртті мамандар 28 минут ішінде сөндірген. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында қаза тапқан екі адамның мәйіті табылды. Төтенше жағдай болған жерге Өзбекстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов бастаған үкіметтік комиссия келді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.