Жаңалықтар

Елордада және Ақмола облысында көпфункционалды оңалту орталықтары салынады

ашық дереккөзі

Елордада және Ақмола облысында көпфункционалды оңалту орталықтары салынады

Елордада бірінші көпфункционалды оңалту орталығының құрылысына ақша жинау мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қайырымдылық кеші өтті. Бұл кешті «Biz Birgemiz Qazaqstan» жалпыұлттық волонтерлар қозғалысы ұйымдастырды. Кеш барысында бас демеушілердің, атап айтқанда, G-Park компаниясының Бас директоры Ғабит Сәтмағамбетовтың, «SolarA.kz construction company» ЖШС компаниялар тобының директоры  Әсел Жолмұханова мен «Бірлік» ЖК басшысы Гүлназ Талғаттың қолдауымен көпбалалы отбасыларға 2 пәтердің кілті табысталды. Сондай-ақ, үй сатып алу үшін 5 млн теңге сомасына сертификат сыйға тартылды. Сондай-ақ, бұл кешті Nur Otan партиясы қолдады. Қонақ ретінде қатысқан партия хатшысы Арман Қырықбаев құттықтау сөз айтып, Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары атынан волонтерлік қозғалысқа қолдау көрсеткен меценаттарға алғыс хаттар табыс етті: «Nur Otan партиясының негізгі миссиясы - игі істерді қолдап, қоғамға көмектесу. Бүгінгі жиналған қаражат «көпсалалы әлеуметтік-оңалту орталығының» құрылысына бағытталатын болады. Әрине, бұл жоба 100-ден астам ерекше баланың әлеуетін дамытуға, олардың әлеуметтік интеграциясына және қоғамға бейімделуіне ықпал етеді. Мен осы бастама үшін «Biz Birgemiz» қозғалысына және қаржылық қолдау көрсететіндерге шын жүректен алғыс айтқым келеді!», - деп атап өтті ол.