Биыл мыңдаған адамға рақымшылық жасалатын болды

Биыл мыңдаған адамға рақымшылық жасалатын болды

Биыл мыңдаған адамға рақымшылық жасалатын болды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Turkystan.kz.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды», - деп мәлімдеді Президенттің баспасөз қызметі.
Алдын-ала деректер бойынша, рақымшылыққа 2 236 сотталушы және пробация қызметі есебінде тұрған 11 310 адам ілігеді. Біріншіден, 1000-ға жуық адам босатылып, 3,8 мың адам пробация қызметінің есебінен шығарылады. Екіншіден, өтелмеген жаза мерзімін қысқарту 1 294 сотталғанға және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға қолданылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі өндірістегі 5000 қылмыстық іс қысқартылып, оның ішінде 1 674-тен астам тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1 471 адамға қатысты жазаны қысқарту немесе босату туралы ережелер қолданылады. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес, аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайды. Қазақстанда 30 жыл ішінде 8 адамға рақымшылық жасалып, олардың төртеуі Тәуелсіздік күніне орайластырылған.