Жоғары жалақы алу үшін қай мамандықтарды меңгерген жөн?

Жоғары жалақы алу үшін қай мамандықтарды меңгерген жөн?

Жоғары жалақы алу үшін қай мамандықтарды меңгерген жөн?
ашық дереккөзі
Бүгінгі таңда жақсы жұмыс төленетін жалақысына қарай анықталады. Әрине, еңбекақы біліктілікке, тәжірибеге, талантқа және тұратын елге байланысты әртүрлі болады. Дегенмен, Қазақстанда жоғары жалақы алатын мамандықтар бар, деп жазады turkystan.kz. Информбюроға сілтеме жасап. Статистикалық деректерге сәйкес, елімізде жыл сайын орта есеппен 70 мыңнан астам түлек тұрақты жұмысқа орналаса алмайды. Ал жұмысқа тұрған түлектердің 40,1%-ы мамандығы бойынша жұмыс істемейді екен. Мамандық таңдауда əр төртінші жасқа (23,7%) ата-анасы əсер етеді, ал 6,4%-ы оқу гранттарының болуына, 4%-ы – достарының ұсынысына сүйенді. Бұл дегеніміз, жұмыс істейтін жəне оқитын жастардың үштен бірінен астамы мамандықты өздері таңдамайды деген сөз. Нəтижесінде жастар мамандық таңдауда өз қалауына сүйенбейді. Кейін жұмыс істей алмай, əлеуетін толық жүзеге асыра алмайды. Ал алған дағдылары мен білімдері уақыт өте ескіріп, олар еңбек нарығында бəсекеге қабілетсіз болып қалады. Электронды еңбек биржасы мен «HeadHunter» сайтында жарияланған бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларды қарап шықсаңыз, төмендегі мамандық иелеріне жоғары жалақы төленетінін байқауға болады. Инженер. Инженер-технолог пен инженер-механик 1 300 000 теңгеге дейін жалақы алады. Мұндай жалақыны Атырауда "Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Қазақстан" ЖШС төлеуге дайын. IT маман. Программистер мен әзірлеушілер қашықтан жұмыс істеп, 7000$-ға дейін таба алады. Сату бойынша менеджер. Тауарлар мен қызметтерді сату бойынша менеджер сату көлеміне қарай 1-1,5 миллион теңгеге дейін таба алады. Мейрамханалар желісін басқарушы. Елордалық жұмыс беруші шетелде мейрамхана ісінде жұмыс тәжірибесі бар маманға 6 миллион теңгеге дейін төлеуге дайын. HR директор. Қызметкерлерді іріктеумен айналысатын кадр маманы Қазақстанда 1 миллион теңгеге дейін, ал HR директор 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы ала алады. Құрылыста бөлім бастығы. Құрылыс компаниялары бөлім бастығына 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы ұсынуда. Стоматолог. Тіс дәрігері және ортодонт айына 300 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін табыс таба алады. Бренд шеф-аспаз. Нұр-Сұлтанда бірқатар тамақтану орындары жұмыс тәжірибесі мол шеф-аспазға 1 миллион теңгеден жоғары жалақы беруге дайын. Дизайнер. Компаниялар корпустық жиһаз дизайнеріне 300 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін, ал дизайнер консультантқа 3 миллион теңгеге дейін төлеуге дайын. «Web-дизайнер» курсының оқытушысы. Алматыда білім беру платформасы қазақ тілінде «Web-дизайнер» курсын өткізетін оқытушыны іздеуде. Жалақысы – 1 миллион теңгеге дейін.