Атыраулық жүкті әйел көпірден суға секірді (ВИДЕО)

Атыраулық жүкті әйел көпірден суға секірді (ВИДЕО)

Атыраулық жүкті әйел көпірден суға секірді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бүгін Атырауда жүкті әйел көпірден секіріп кетті, деп хабарлады turkystan.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы Атыраудағы жаяу жүргіншілер көпірінде күдік тудырған әйелді байқап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлама берді» делінген ақпаратта.
Көпірге келген патрульдік полиция қызметкері секірмекші болған әйелмен сөйлесіп, өз-өзіне қол салу ойынан қайтарғысы келген. Алайда, ол сөзге құлақ аспай, секіріп кеткен. Су полициясы қызметкерлері әйелді судан алып шыққанда ол ес-түссіз болған. Оқиға болған жерге келген ТЖД қызметкерлері әйелге жасанды тыныс алдыру мен жүрегіне массаж жасап көмек көрсетті. Кейін ол жедел жәрдеммен ауруханаға жөнелтілді.