«Вирус ешқайда кеткен жоқ, мектептер күн сайын жабылып жатыр» – Цой

«Вирус ешқайда кеткен жоқ, мектептер күн сайын жабылып жатыр» – Цой

«Вирус ешқайда кеткен жоқ, мектептер күн сайын жабылып жатыр» – Цой
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ұжымдық кештер өткізу әр аймаққа және ондағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ Жаңа жыл мерекесін отбасында атап өткен жөн, деп хабарлады turkystan.kz.
«Жаңа жыл – әрқашан отбасылық мейрам. Сондықтан адамдар санын шектеген дұрыс. Вирус ешқайда кеткен жоқ. Өкінішке қарай, ауру әлі де таралып, өлім-жітім деректері де тіркеліп жатыр. Барынша сақтанып, отбасыңызбен ғана қарсы алыңыз», - деді министр.
Оның айтуынша, ірі жиындарды да шектеген жөн.
«Егер аз адам жиналғанның өзінде індет жұқтыру қаупін болдырмас үшін белгілі талаптары бар. Арақашықтықты сақтау мүмкін болатын кейбір конференцияларды қоспағанда, ірі іс-шаралар өткізіліп жатқан жоқ. Мектептердің өзі күн сайын жабылып жатқанын көріп отырсыздар. Адамдар әлі де ауырып жатыр. Одан құтылудың жалғыз тәсілі – вакцинация», - деді Алексей Цой.
Осы орайда, ол Денсаулық сақтау министрлігінің өзі ұжымдық кеш өткізбейтінін жеткізді.