«Дауыл салдарын жоюға 368 миллион теңге бөлінді» - Сапарбаев

«Дауыл салдарын жоюға 368 миллион теңге бөлінді» - Сапарбаев

«Дауыл салдарын жоюға 368 миллион теңге бөлінді» - Сапарбаев
ашық дереккөзі
Жамбыл облысындағы дауыл кезінде бүлінген әлеуметтік нысандарды жөндеуге 368 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Еске сала кетсек, 17-18 қарашада Жамбыл облысында дауыл болып, көпқабатты үйлердің, мектеп пен балабақшалардың шатыры мен қоршауы қираған еді.
«Сол күндері жылдамдығы 22-38 м/с дауыл болды. Соның салдарынан 1200 нысанға зақым келді. Қазір басым бөлігі қалпына келтірілді. Олар – көпқабатты жекеменшік тұрғын үйлер, 20-дан астам әлеуметтік нысандар. Көп бөлігін жергілікті кәсіпкерлер есебінен қалпына келтірдік. Күрделі зақым келген әлеуметтік нысандарға қосымша 368 миллион теңге қаржы бөлінді», - деді Бердібек Сапарбаев.
Сонымен қатар, қатты дауыл салдарынан 17 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Электр беру желілері, шатырлар, ағаштар құлап, автомобильдер бүлінді. Көшеде 40-тан астам үлкенді-кішілі ағаш, 12 аялдама құлап, 32 бағдаршам істен шықты, нысандардың жартысынан астамы жарықсыз қалды. Оған қоса, Таразда 34 билборд, 9 баннер мен 64 жалауша жыртылған.