Бейжің Олимпиадасына тағы бір ел қарсы

Бейжің Олимпиадасына тағы бір ел қарсы

Бейжің Олимпиадасына тағы бір ел қарсы
ашық дереккөзі
Жаңа Зеландия билігі де Бейжіңдегі өтетін қысқы Олимпиадаға қатысудан бас тартты, деп хабарлады Turkystan.kz. Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ билігі Қытайдағы қысқы Олимпиадаға қатыспайтынын айтқан болатынбыз. Жаңа Зеландия вице-премьері Грант Робертсон ақпан айында Бейжіңдегі  қысқы Олимпиада ойындарына министрлік деңгейдегі дипломаттар жібермейтінін мәлімдеді. Ол мұндай шешімді коронавирустың таралуымен және логистикалық қиындықтарымен байланыстырды.
«Онда министрлік деңгейінде болмайтынымызды анық айттық. Бірқатар себептер болды, бірақ негізінен COVID-19-ға және сапар логистикасы мұндай іссапарға қолайлы болмауына байланысты болып отыр», - деді Робертсон.
Премьер-министр орынбасарының айтуынша, ҚХР-ға Жаңа Зеландияның шешімі туралы қазанда хабарланған. Ол Жаңа Зеландия Қытайды адам құқықтарына қатысты алаңдаушылықтары туралы бірнеше рет хабардар еткенін айтты.
«Қытайға адам құқықтары мәселелеріне қатысты алаңдаушылығымызды бірнеше рет түсіндірдік. Жақында премьер-министр президент Симен сөйлескен кезде де айтылды. Олар біздің адам құқықтарына деген көзқарасымызды жақсы біледі, бірақ қатыспау туралы шешім қабылдадық», - деді ол.