Еуроның жаңа дизайнын жарты миллиард адам жасап жатыр

Еуроның жаңа дизайнын жарты миллиард адам жасап жатыр

Еуроның жаңа дизайнын жарты миллиард адам жасап жатыр
ашық дереккөзі
Бірыңғай еуропалық валютаның дизайнына өзгерістер енгізеледі, деп хабарлады Turkystan.kz. BBC News мәлімдемесінде өзгеріс енгізу мақсаты - купюра арқылы жаңа Еуропаның құндылықтарын дәріптеу және қолма-қол ақшасыз төлемге өткен заманда қағаз ақшаның ғұмырын ұзарту деп жазылған. Еуропалық орталық банк еуроның жаңа дизайнын жасауға жарты миллиардтай еуропалықты жұмылдырған.
«Қолданыстағы еуро жақында ғана жаңартылған, алайда айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Бар болғаны 500 еуро алынып тасталды және еуроаймақтың ұлғаюына байланысты картаға Мальта мен Кипр енгізілді. Қалғаны бұрынғы қалпында қалған», - деді Еуропалық орталық банк басшысы Кристин Лагард
Жаңа купюралардың қандай дизайнда шығарылатыны 2024 жылы белгілі болады.