«Барыс» «Ак Барсты» жеңді
«Барыс» «Ак Барсты» жеңді
Құрлықтық хоккей лигасы матчында қазақстандық «Барыс» сырт алаңда қазандық «Ак Барспен» ойнады, деп хабарлады Turkystan.kz.
Алаң иелері анық фаворит болғанымен, елордалық команда 2:1 есебімен жеңді. «Ак Барс» (Қазан, Ресей) - «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 1:2 (0:0, 0:1, 1:1) Якоб Лиль 22-минутта Егор Шалаповтың пасын қақпаға сәтті бағыттап, есеп ашты. Үшінші кезең ортасында Аркадий Шестаков есепті арттырды. Қақпашылар қатарында Билалов және Ортио болды. Еске сала кетейік, 9 желтоқсанда «Барыс» өз алаңында «Сочиді» қабылдайды.