Сенбі, 1 Сәуір, 2023

Теңгеге деген сенімді қалпына келтіру әлі ерте

Бүгінгі таңда болған фактіге байланысты теңгеге деген сенімді қалпына келтіру туралы айту әзірге мүмкін емес, деді ҰБ төрағасы Данияр Ақышев. «Мен бұл әлі орындалмаған факт деп айтар едім. Ұлттық теңгеге деген сенім экономикалық параметрлермен ғана қалпына келмейді, ол өлшеуге келмейтін патриотизм, ұлттық символдарға деген құрмет секілді заттармен де жүзеге асады. Мен доллардан бас тартуды нақты активтер мәселесінде ғана емес, жалпы санада доллардан бас тарту деп есептеймін. Сондықтан, біз өз табыстарымызды, жинақтарымызды, өмір сүру сапамызды доллармен өлшейтін ішкі түйсікті әлі де пайдаланып келеміз. Бұл жағдайда, теңгеге деген сенімді қалпына келтіру үдерісі аяқталды деп айту мүмкін емес»,- деді Данияр Ақышев kapital.kz порталына берген онлайн сұхбатында. Сондай-ақ, ол теңгеге деген сенімді қалпына келтіру Ұлттық банктің де әрекетіне байланысты екенін айта кетті. «Біз атқарып жатқан шаралар тарихи түрде шетел валютасымен ғана өлшеніп келген кейбір активтерді ұлттық валютаға ауыстыратынына мен сенімдімін. Егер біз оларды ұлттық валюта эквивалентінде ауыстыратын болсақ, осыдан кейін ол баға қалыптастырудың негізі болады да адамдар активтерін шетел валютасымен өлшеуді қояды. Бұл маңызды», – деді ҰБ төрағасы. 

Back to top button