СҚО билігі көмір тапшылығын көрмей отыр ма?

СҚО билігі көмір тапшылығын көрмей отыр ма?

СҚО билігі көмір тапшылығын көрмей отыр ма?
ашық дереккөзі
СҚО тұрғындары сақылдаған сары аязда отын таппай, көмір сататын қоймаларды кезіп жүр. Өңірге Шұбаркөлдің көмірі аптасына бір-ақ рет жеткізіледі екен. Ал оны алу үшін жұрт таң атпай кезекке тұруға мәжбүр, деп хабарлады turkystan.kz. Жаңа жыл жақындаған тұста бір қап көмірге қол жеткізе алмай жүрген жұрт 3 айдан бері жаға жыртысудан шаршаған. Олар осы тапшылықты «көрмей» отырған жергілікті билікке қапалы. Айтуларынша, вагон жетіспегендіктен, солтүстікте сұранысқа ие Қаражыра мен Майкүбінің көмірі жарты айдан бері келмепті.
«Билік 1,5 ай бұрын халықты 95 пайыз көмірмен қамтыдық дейді. Сонда біз мына жерде еріккеннен жүрміз бе? Меніңше, керісінше, тұрғындардың 5 пайызы ғана қамтылды да, 95 пайызы әлі көмірсіз отырған сияқты», - дейді Азамат Елеусізов атты тұрғын.
Келесі тұрғын Самат Есмағидың айтуынша, 25 келілік бір қап көмір 700 теңге тұрады, ал 50 келілігі – 1500 теңге.
«Енді ол нан емес қой, күндегісін күнде әкеп жейтін» дейді ашынған азамат.
Бұл ретте бағаны көмір тапшылығын пайдаланған алыпсатарлар аспандатып жіберген. Қазір онда қатты отынның бір тоннасы 30 мың теңгеге дейін барады. Көмір сататын қойманың өкілдері де ақшасы жоқ халықтың отынды қапшықтап алып жатқанын растап отыр.
«Бір ғана орын жұмыс істеп тұр. Қалғандарында көмір жоқ. Содан кейін осындай аласапыран болып жатыр. Басқа аудандарда да көмір жоқ. Ол жаққа әкімдік жіберген КамАЗдарға тиеп жіберіп жатырмыз», – дейді көмір сату орнының өкілі Мұратхан Тұрмыхаметов.