Жаңалықтар

Парижде Абай бюсті ашылды

Парижде Абай бюсті ашылды

Париж қаласында қазақтың бас ақыны, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бюст Париждің орталығында ақындар алаңында орнатылған. Абай Құнанбаевтың мүсіні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылып отыр. Ұйымдастырушысы – ҚР Франциядағы Елшілігі. Бұл жайында алғаш болып, Парижге қызметтік сапармен барған елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, бюст демеушілердің қолдауымен қойылған.