Жүрсін Ерман эфиопиялықтармен құдандалы екенін растады

Жүрсін Ерман эфиопиялықтармен құдандалы екенін растады

Жүрсін Ерман эфиопиялықтармен құдандалы екенін растады
ашық дереккөзі
Жүрсін Ерман үш жыл бұрын жиен немересіне батасын беріп Тедрос Гебрейесустың ұлына қазақ салтымен ұзатқанын растады, деп хабарлады turkystan.kz. Естеріңізде болса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Жүрсін Ерман құдасын 70 жасқа толуына орай арнайы құттықтағаны жайлы жазған едік. ДДСҰ басшысының қазақ тіліндегі құттықтауы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Видеода Тедрос Гебрейесус құдасына жылы лебізін білдіріп, ақынның бір шумақ өлеңін оқып берген. Арада көп уақыт өтпей жатып, Жүрсін Ерман эфиопиялық құдасының құттықтауына қатысты пікір білдірді.
«Менімен ақылдасқан ешкім жоқ. Ылғи сыртта болған бала ғой. Менталитеті басқаша болды. «Теңін тапса, тегін бер» дейді ғой. Біз батамызды беріп шығарып салдық. Мені жазғырып несі бар? Өз ата-анасы бар. Әкесі – Дәулет Тұрлыханов. Шешесі – менің қызым Ардақ Ерманова», — дейді мән-жайды түсіндірген ақын.
Оның айтуынша, көпшіліктің арасында сын тағып жатқандар да бар көрінеді.
«Тедрос Адханом Гебрейесустің баласы менің қызымның қызын алып отыр Айдана деген. Немерем ғой. Ардақ деген кіші қызымның қызы. Швейцарияда академия, Испанияда магистратура бітірген. Бір баласы бар, үйге келіп кеткен өздері. Сонда кигізген шапан ғой анау. Соны киіп, қазақша шамасы келгенше сөйлеп, өлеңімді оқып отыр. Рахмет. Кімнің қызы қайда шықпай жатыр? Менің қызым ДДСҰ бас директорына келін болып барып, оны қазақша сөйлетіп отырса, мен оған неге қуанбаймын?» — дейді Жүрсін Ерман.