Экс-министр бас бостандығынан айырылды

Экс-министр бас бостандығынан айырылды

Экс-министр бас бостандығынан айырылды
ашық дереккөзі
Нобель сыйлығының лауреаты, Мьянманың бұрынғы мемлекеттік кеңесшісі, елдің іс жүзінде премьер-министрі болған Аун Сан Су Чжи 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады turkystan.kz. BCC агенттігінің хабарлауынша, сот Аун Сан Су Чжиді қоғамдық тәртіпті бұзды және COVID-19-ға қарсы шараларды сақтамады деп айыптаған. Жалпы, Нобель сыйлығының лауреатына 11 айып тағылып отыр. Сот процесі әлі де жалғасуда. Ол қазір үй қамауында отыр. Саясаткердің қашан түрмеге ауыстырылатыны әзірге белгісіз.