Сәрсенбі, 7 Желтоқсан, 2022

Бір адам 70-ке жуық жылқы ұрлаған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында бір табын жылқыны ұрлап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 

Аудандық полиция бөліміне жүгінген азамат белгісіз біреулердің еркін жайылымнан 66 жылқысын ұрлап кеткенін айтып арызданған. Салдарынан шаруаға 60 миллион теңге мөлшерінде материалдық залал келген.

– Жедел уәкілдер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Шаруагер ұялы телефондағы мобильді қосымша арқылы малдың қозғалысын кез-келген уақытта онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін GPS электронды құрылғысын орнатқан. Бұл іздеу жұмыстарының оң нәтиже беруіне өз септігін тигізді. Ұрланған малдың жүрген жерін бақылай отырып, күдікті ретінде Үржар ауданының 47 жастағы тұрғыны ұсталды, – деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі (аса ірі көлемде жасалған мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button