Жаңалықтар

Ақтөбе облысында 16 казино заңсыз жұмыс істеп келген

ашық дереккөзі

Ақтөбе облысында 16 казино заңсыз жұмыс істеп келген

Қылмыстық топтың құрамында он адам болған, деп хабарлады turkystan.kz. Қаржы мониторингі агенттігі Ақтөбе облысында букмекерлік кеңселердің атын жамылған 16 заңсыз ойын нүктелерін - электрондық казиноларды ұйымдастырған қылмыстық топтың ұсталғаны туралы мәлімдеді. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері «бақылаушы-менеджерлер» (оператор-кассирлерді бақылау) және «ойын терминалдарын бақылаушы-менеджерлер» (ақшалай қаражаттарды инкассациялау) болып бөлінген. Барлық алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды, - делінген хабарламада. Қылмыстық топтың барлық мүшелері түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.