Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 173-орында

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 173-орында

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 173-орында
ашық дереккөзі
Бүгінгі таңда елімізде 5 Гбайттық файл орта есеппен 5,83 Мбит/сек жылдамдықпен жүктеледі. Яғни, бұған 1 сағат 57 минут қажет. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз әлем бойынша 173-орынға тұрақтады, деп хабарлады turkystan.kz. Телекоммуникациялық қызмет провайдерлерін салыстыруға маманданған «Cable.co.uk» британдық басылым мамандары әлем елдеріндегі интернет жылдамдығын салыстырған. Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі ең жылдам интернетті Ұлыбританияға тиесілі Джерси аралының тұрғындары пайдаланады. Онда интернеттің орташа жылдамдығы 274 Мбит/с-тан асады. Сонымен қатар, рейтингтің алғашқы бестігінде Лихтенштейн (211,26 Мбит/сек), Исландия (191,83 Мбит/сек), Андорра (164,66 Мбит/сек) және Гибралтар (151,34 Мбит/сек) бар. ТМД елдері арасында ең жақсы көрсеткіш Ресейге тиесілі. Бұл елде ғаламтордың орташа жылдамдығы 35,66 Мбит/с. Сөйтіп, көрші ел бұл тізімде 66-орынға жайғасқан. Келесі орындар төмендегідей: Украина (25,26 Мбит/сек, 77-орын), Беларусь (19,86 Мбит/сек, 92-орын), Армения (18,05 Мбит/сек, 101-орын), Грузия (13,83 Мбит/сек , 112-орын), Қырғызстан (7,44) Мбит/сек, 155-орын), Өзбекстан (6,64 Мбит/сек, 166-орын), Тәжікстан (1,82 Мбит/сек, 211-орын). Сайып келгенде, Түркіменстан жалпы кестеде әлемдегі ең баяу интернеті бар ел атанды. Сөйтіп, аталмыш ел 0,50 Мбит/сек жылдамдықпен «құрметті» 224-орынға табан тіреді. Түркіменстандықтар 5 гигабайттық файлды жүктеу үшін 22 сағат 34 минут уақыт кетіреді екен.