«Миллионнан астам қандастарымызды атамекенге алдырдым» - Назарбаев

«Миллионнан астам қандастарымызды атамекенге алдырдым» - Назарбаев

«Миллионнан астам қандастарымызды атамекенге алдырдым» - Назарбаев
ашық дереккөзі
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында өзінің ала бағанның арғы жағындағы қандастардың елге оралуына ерекше ықпал еткенін жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Тәуелсіз еліміздің басты байлығы – адам. Мемлекетіміздің тірегі де, алтын діңгегі де – Қазақстан халқы. Мен бойымдағы қуат, қызметімдегі тәжірибе, ойымдағы нәр – бәрі-бәрін халқыма қызмет етуге жұмсап келемін. Сол үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері тағдыр талайымен дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылған миллионнан астам қандастарымызды атамекенге алдырдым. Бұл айтар ауызға ғана оңай. Жер бетінде халқының саны миллионға жетпейтін қаншама мемлекет бар. Біз осыншама қандастарымызды шетелдерден алдырып қана қоймай, басына баспана, өзіне жұмыс, ұрпағына білім бердік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ ол бұл игі іс әлі де жалғасын таба беретінін жеткізді.
«Осының бәрі тәуелсіздіктің арқасында ғана мүмкін болғанын ұмытпауымыз керек», - деп түйіндеді сөзін.