Жаңалықтар

Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев: Қазақстандағы энергия үнемдеу саласындағы жағдай нашар

ашық дереккөзі

Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев: Қазақстандағы энергия үнемдеу саласындағы жағдай нашар

Қазақстандағы электр өндіруші кәсіпорындарда энергияны үнемдеу шаралары дұрыс жүргізілмейді. Тіпті, осы уақытқа дейін атқарылған жаңарту жұмыстары өз нәтижесін берген жоқ. Кеңес одағы кезеңімен салыстарғанда, Қазақстандағы энергия үнемдеу саласындағы жағдай әлдеқайда төмен болып тұр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің айтуынша, бүгінгі таңда энергетиктер неғұрлым көп қуат көздерін сатып, табысын ұлғайтуға тырысып жатады. Алайда энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекет саясаты xалықты электр энергияны үнемдеуге үндейді. Сол себепті энергия өндіруші компаниялар мен тұтынушалар арасында бір-біріне кереғар көзқарас қалыптасты. Бір жағы қуат көздерін көптеп сатуға тырысса, екіншілер оны тұтынуды барынша азайтуды көздейді. «Дегенмен, біз, энергетика министрлігі, өз нысандарымызда энергия мен ресурстарды үнемдеуге баса назар аударуымыз қажет. Соңғы алты жыл бойы мен түрлі инвестициялық бағдарламаларды бақылап келемін. Сондықтан әрбір электр стансаны бүге-шүгесіне дейін білемін. Өкінішке қарай, бүгінде бірде-бір стансада энергия үнемдеу мәселесіне дұрыс көңіл бөлінбейді. Бұған дейін атқарылған жаңарту жұмыстары осы көрсеткішті жақсартады деген жоспар болған. Алайда республикалық маңызы бар стансалардың өзінде біз осы бағытта нақты бір өзгерістерді байқамадық. Былайша айтқанда, энергия мен ресурстар рәсуа болып жатыр. Бұл көрсеткіш тым жоғары.Салыстырмалы түрде айтар болсақ, қазіргі жағдай Кеңес одағы кезеңінен де жаман болып отыр. Ол кезде энергия үнемдеу мәселесін қатты бақылаған болар», - деді Б.Жақсалиев бүгін Астанада басталған Энергетикалық форумда. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, энергия үнемдеу мен табыстың тепе-теңдігін сақтап қалу үшін тарифтерді көтеру керек. Алайда тарифті шикізаттың құны реттейді.