Полицейлерге арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді

Полицейлерге арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді

Полицейлерге арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді
ашық дереккөзі
ҚР Ішкі істер министрлігі полицейлерге арнайы тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік беру үшін «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен келісім жасасуға ниетті. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктермен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Қазір «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен келісім жасасу мәселесі пысықталуда. Бұл тәртіп сақшыларына банктің арнайы тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға және тиімді шарттармен тұрғын үй алуға мүмкіндік береді», – деді Нұрділдә Ораз.
Бұған дейін хабарланғандай, елімізде баспанаға мұқтаж полицейлердің 70%-дан астамы арнайы жеңілдіктермен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, 2014 жылы қызметкерлердің белгілі бір санатына тұрғын үйді жалдауға арналған өтемақы төлеу құқығы берілген. Бастапқы кезеңде 6 мыңнан астам полиция қызметкері осы құқыққа ие болды. Бұлар - жедел-тергеу және криминалистикалық бөлімшелер қызметкерлері. 2019 жылы тізім патрульдік полиция және учаскелік инспекторлар лауазымдарымен толықтырылған. Сол кезде қызметкерлердің жалпы саны 9 мыңнан астам адамды құрады. Спикер жыл басынан бері мұндай лауазымдардың тізімін учаскелік көмекшілер, арнайы мекемелер мен айдауыл қызметі, күзет және кинологиялық бөлімшелер, медициналық бөлімшелер мен қылмыстық-атқару жүйесіндегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшелері, кезекші бөлімдер мен жедел басқару орталықтарының қызметкерлері толықтырғанын атап айтты.