Тарбағатайда 175 тонна пішен жанып кетті

Тарбағатайда 175 тонна пішен жанып кетті

Тарбағатайда 175 тонна пішен жанып кетті
ашық дереккөзі
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Тарбағатай ауданында 175 тонна пішен өртеніп кеткен, деп хабарлады Turkystan.kz.
«Өрт түнде Екпін ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде шыққан. Тілсіз жау 175 тонна пішенді шарпыды. Отты ауыздықтауға жеке құрамнан 8 адам, 3 өрт сөндіру көлігі мен шаруа қожалығынан 1 трактор жұмылдырылған. Бүгін сағат 7.52-де өрт оқшауланды», - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жүр. Құтқарушылар өртенген шөпті сөндірді. Өрттің қайдан, қалай шыққаны анықталып жатыр