Соңғы 3 айда 428 заңсыз қару тәркіленді

Соңғы 3 айда 428 заңсыз қару тәркіленді

Соңғы 3 айда 428 заңсыз қару тәркіленді
ашық дереккөзі
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың мәліметінше, елімізде тіркелмеген 428 қару тәркіленді, деп хабарлады Turkystan.kz. Ел аумағында 3 ай бойы жүргізілген «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында тұрғылықты жері бойынша 200 мыңнан астам азаматтық қару иесі тексерілді. 3 мыңға жуық атыс қаруын сақтау ережесін бұзу анықталды. Айналымнан тіркелмеген 428 қару тәркіленді.
«Операция басталғаннан бері полиция қызметкерлері 500 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың, оның ішінде 8 мыңнан астам ұсақ бұзақылық анықталды. Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы 11 мыңнан астам құқықбұзушылықтың және көші-қон заңнамасына қатысты 82 мыңнан астам заңбұзушылықтың алдын алды»,- деді Нұрділдә Ораз ІІМ баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.