Биыл 17 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл 17 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл 17 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
ашық дереккөзі
2021 жылдың басынан бері 17,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Turkystan.kz.
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 17 358 адам өз Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,7 мың этникалық қазақ оралған.
Биылғы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі 76,2% – Өзбекстаннан, 9,7% – Қытайдан, 6% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 5,7% басқа елдерден. Этникалық қазақтардың басым көпшілігі Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (7,8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанған. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 28,1%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1% жоғары білімді, 40,2% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,1% білімі жоқ.