ДДСҰ төрағасы Жүрсін Ерман құдасын құттықтады (ВИДЕО)

ДДСҰ төрағасы Жүрсін Ерман құдасын құттықтады (ВИДЕО)

ДДСҰ төрағасы Жүрсін Ерман құдасын құттықтады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ақын Жүрсін Ерманды құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Құрметті Жүрсін құда, мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор, ғұмырыңыз ұзақ, құдалығымыз мәңгілік болсын!» – дейді Facebook-тегі видеода ДДСҰ басшысы.
Ақын Жүрсін Ерманды қазақша құттықтаған Тедрос Адханом Гебрейесустың видеосына қазақстандықтар да пікір жазып қалдырған. Оның ішінде үйқамақта отырған бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та бар.
«Тедрос мырза, рақмет! Сізге, отбасыңызға бар жақсылықты тілеймін!» деген мағынада ағылшын тілінде пікір жазып қалдырған Біртанов.
Ал қазақ ақыны мен шетелдік жоғары лауазым иесінің қалайша құдалы-құдандалы болып жатқаны туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.