Жаңалықтар

Тележобаның тұсаукесері өтіп, үздік журналистер марапатталды

ашық дереккөзі

Тележобаның тұсаукесері өтіп, үздік журналистер марапатталды

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті музейінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік және келісім жолымен» тележобасы қорытындысының тұсаукесері және «Шаңырақ» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады turkystan.kz. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары Марат Әзілханов пен Майя Бекбаева, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Nur Otan» партиясының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар ұйымдарының белсенділері мен мүшелері, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты. Ассамблея төрағасының орынбасары аймақтардың, еңбек ұжымдарының, нақты адамдардың тағдыры арқылы фильм авторлары экономикалық, әлеуметтік және жанды адами мысалдарда бейбітшілік пен келісім саясатының эволюциясы мен нәтижелерін бақылағанын атап өтті. Фильмнің тағы бір маңыздылығы Қазақстан халқы Ассамблеясының – Елбасы құрған институттың біріктіруші рөлін ашу болып табылады. Қорытындылай келе, Марат Әзілханов бұл фильмді көргендердің бәрі өз елі үшін мақтаныш сезіміне бөленетініне, мемлекеттің ертеңі мен болашағына деген үлкен сенім сезінетініне сенім білдірді. Тұсаукесер қорытындысы бойынша Майя Бекбаева бастаған түсірілім тобының мүшелерін, медиа саладағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ фильмнің түсіріліміне үлес қосқан аймақ өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.