Министр азық-түліктің арзандамайтынын мәлімдеді

Министр азық-түліктің арзандамайтынын мәлімдеді

Министр азық-түліктің арзандамайтынын мәлімдеді
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы министрі азық-түлік бағасы арзандамайды, керісінше қымбаттауы мүмкін деген болжам айтты. Артынша шенеунік азық-түлік құнының өсуі «тек бізде ғана емес» деген жауаппен ақталуға тырысты, деп хабарлады Turkystan.kz.
 "Биыл азық-түлік бағасы 30 пайызға қымбаттады. Бірақ бұндай жағдай көрші мемлекеттерде де, тіпті тұтас әлемде болып жатыр. Сондықтан қазір бағаны бірқалыпты ұстап тұру мүмкін емес. Біздің қазіргі жалғыз мақсатымыз – азық-түлік құнының күрт көтерілуіне жол бермеу. Мысалы, ет  бағасы біріншіден, барлығын шет ел сатып алса, екіншіден, оған деген сұраныс азайса еселеп өсуі мүмкін", - деді  Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Сол себепті шенеуніктер ірі, ұсақ малды және картоп пен сәбізді шекардан шығаруға тыйым салып отыр. Биыл шаруалар былтырмен салыстырғанда 100 мың тонна картопты кем жинапты. Өйткені еккен өнім өнбей қалған. Шығынға ұшыраған Қазақстан шаруалары ғана емес, көршілес Ресейде де картоп өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға аз.
"Былтыр көктемде картоп бағасының 800 теңгеге шейін шарықтап кеткені естеріңізде шығар. Биылға қарағанда 100 мың тоннаны артық жинадық. Бірақ картоп құнының өсуіне екі жағдай әсер етті. Бірі – Өзбекстанда құрғақшылық болып, өнім шықпай қалды. Сондықтан олар жаппай бізден сатып ала бастады және көктемде сырттан картоп әкелінбеді. Биыл да сондай жағдай қайталанбас үшін экспортқа уақытша шектеу қойып отырмыз", - деді Ербол Қарашөкеев.