Айыппұл арқалаған «Астана» еурокубоктерге қатыспауы мүмкін

Айыппұл арқалаған «Астана» еурокубоктерге қатыспауы мүмкін

Айыппұл арқалаған «Астана» еурокубоктерге қатыспауы мүмкін
ашық дереккөзі
УЕФА «Астананы» жазалап, еурокубоктардан шеттететіндігі туралы ескертті. Халықаралық ұйымның ресми сайтының хабарлауынша, мерзімі өткен кредиторлық берешегі үшін сегіз клубқа санкция салған. Солардың ішінде қазақстандық «Астана» да бар, деп хабарлады turkystan.kz. Сөйтіп, елордалық клубқа 150 мың еуро айыппұл салынды. Сонымен қатар, «Астанаға» үш жылға дейінгі мерзімге еуропалық жарыстарға қатысудан шеттету түріндегі шартты жаза тағайындалды. Егер клуб 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін айыппұлды төлемеген жағдайда «шартты» префиксін жоғалтады. Тізімге қазақстандық клубтан бөлек, «Порту», ​​«Спортинг», «Санта Клара» (барлығы – Португалия), «Реал Бетис» (Испания), «ЧФР Клуж» (Румыния), ЦСКА (Болгария), «Монс Кальп» (Гибралтар) командалары кірді. Айта кетейік, келесі маусымда «Астана» Конференция лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.