Түрік валютасы да құлдырап барады

Түрік валютасы да құлдырап барады

Түрік валютасы да құлдырап барады
ашық дереккөзі
Соңғы уақытта Түрік лирасының долларлық бағамы қайта антирекорд орнатып, ұлттық валюта ел тарихындағы ең төмен көрсеткішке жетті, деп хабарлады turkystan.kz Жыл басында доллар бағамы 7 лирадан сәл асса, қазір бұл көрсеткіш екі есе жоғары. Түркияның ұлттық валютасы 70 пайызға құсызданды. Жуырда ел президенті Режеп Тайып Ердоған қазынашылық және қаржы министрін қызметінен алды. Осыған дейін де бірнеше рет Ұлттық банк басшыларын қызметінен босатқан еді. Түркия билігі ел экономикасының долларға тәуелділігін қысқартпақ болған. Алайда, бұл шаралары бағаның өсуіне әкелді. Шикізат бағасы өскендіктен көптеген шағын кәсіпорындар өндірісін тоқтатуға мәжбүр болған. Ел басшылығы экономикалық мәселелерді шеше алмағандықтан, оппозиция президенттік және парламенттік сайлауды мерзімінен ерте өткізуді ұсынды.