Геннадий Головкин. Жекпе-жексіз өткен алғашқы жыл

Геннадий Головкин. Жекпе-жексіз өткен алғашқы жыл

Геннадий Головкин. Жекпе-жексіз өткен алғашқы жыл
ашық дереккөзі

Қазақстандық Геннадий Головкиннің кәсіпқой боксшы ретіндегі өз мансабын 2006 жылы бастағаны белгілі. «IBF» және «IBO» тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қай кезде де белсенді болған. Алайда, 2021 жыл отандасымыздың кәсіби мансабы үшін сәтсіз болды, деп хабарлады turkystan.kz. Иә, қазақстандық боксшы 2019-2020 жылдары тек бір мәрте ғана кәсіпқой рингке көтеріліп, өзінің белсенділігін төмендеткен болатын. Ал үстіміздегі жылы шаршы алаңға мүлде шықпайды. 29 желтоқсан күні Жапония астанасы – Токиода Риота Муратаға қарсы өтуге тиіс шайқас карантинге байланысты кейінге шегерілді. Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері алғаш рет күнтізбелік жылда жекпе-жексіз қалды. Келесі жылы 40 жасқа толатын чемпион үшін бұл жақсылықтың нышаны емес.