Отставкаға кеткен Қорғаныс министрі қайтадан басшылық қызметке тағайындалды
Отставкаға кеткен Қорғаныс министрі қайтадан басшылық қызметке тағайындалды
Алматыда өткен кезектен тыс конференцияда Нұрлан Ермекбаев қайтадан Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Turkystan.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.
Ол бұл қызметті 2018 жылдан бері басқарып келеді.
Өткен 2 жыл ішінде Қоян-қолтық ұрыс қауымдастықтары жүйелі жұмысымен көзге көрінді: еліміздің ірі қалаларында, облыс орталықтары мен ауылдарында балалар мен ересектерге арналған спорт залдары жұмысын тоқтатқан емес, деп жазады ақпарат агенттігі.
Қауымдастық сондай-ақ 2023 жылғы Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
А. Шахмардан