Жаңалықтар

Жоғарғы Соттың судьясы пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

ашық дереккөзі

Жоғарғы Соттың судьясы пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Астанада Байқоңыр ауданының №2 соты Жоғарғы Соттың бұрынғы судьясы Мейрам Жанғұттиновтың және Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Лиза Тұрғынбаеваның үкімін жариялады, деп хабарлайды Turkystan.kz. informburo.kz мәліметінше, сот Жанғұттиновтың делдал Абдусаттаров арқылы Тұрғынбаевадан 7 000 доллар алғанын анықтады. "Тұрғынбаева делдал арқылы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға ірі көлемде пара берді. Делдал-Абдусаттаровқа қатысты тергеу органы құқық қорғау органына пара бергені туралы өз еркімен хабарлауына байланысты қылмыстық іс сотқа дейін тоқтатылды", – деп хабарлады сотта. Мейрам Жанғуттинов пен Лиза Тұрғынбаева 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.