Сал ауруын емдеу тәсілі табылды

Сал ауруын емдеу тәсілі табылды

Сал ауруын емдеу тәсілі табылды
ашық дереккөзі
Ғалымдардың халықаралық тобы электростимуляция және ерекше дене жаттығулары арқылы сал ауруын емдеуде жетістікке жетті. Әзірге тәжірибе сал болып қалған макакаларға жүргізілді, делінген Nature журналында жарияланған мақалада деп хабарлайды Lenta.ru. Ғалымдар мидағы белгі берулерді есепке ала алатын және оларды жарақат салдарынан қозғалудан қалған дене бөлігіне жіберетін арнайы чип жасап шығарды. Бұл жолы тәжірибе омыртқа жарақаты бар маймылдарға өткізілген. Чип дене мүшелерін басқаратын нейрондар тізбегін "қайта іске қосуға" мүмкіндік береді. Бұл емдеу тәсілі хирургиялық жолды қолданбай сал ауруынан сауықтыруға мүмкіндік береді. Өз жетістіктерін ғалымдар омыртқасы арнайы зақымдалған макакаларға қолданып, іске асатындығын көрсетті. Чипті арнайы экзоқаңқамен қоса пайдалану қозғалу қабілетін бір аптада қайтаруға мүмкіндік беретіні анықталды.