Көмір тапшылығы: Қанат Бозымбаев басқарма басшысына сөгіс берді

Көмір тапшылығы: Қанат Бозымбаев басқарма басшысына сөгіс берді

Көмір тапшылығы: Қанат Бозымбаев басқарма басшысына сөгіс берді
ашық дереккөзі
Алматы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бағлан Тәнекеновке халықты көмірмен қамтамасыз етуді ұйымдастыра алмағаны үшін сөгіс берілді. Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов пен аудан, қала әкімдеріне ескерту жасалып, 15 күннің ішінде жағдайды түзету тапсырылды. Облыс әкімі Қанат Бозымбаев тапсырма орындалмаса, қатаң шара қолданылатынын ескертті. Айта кетейік, Алматы облысында көмірге қатысты жиын өткізген Қанат Бозымбаев жауаптылардың жұмысын нашар деп бағалады.

«Жылыту маусымы басталғалы облысқа қажетті қатты отын көлемі әлі толық жеткізілген жоқ. «Қаражыра» кен орнынан әкелінген көмір көлемі 300 мың тоннаға жуық немесе 54% ғана, бұл халықтың наразылығын тудыруда», - деді Қ.Бозымбаев.