"Мас полицейдің кінәсінен": БҚО-да жол апаты болып, 6 айлық сәби аяғынан айырылған

"Мас полицейдің кінәсінен": БҚО-да жол апаты болып, 6 айлық сәби аяғынан айырылған

"Мас полицейдің кінәсінен": БҚО-да жол апаты болып, 6 айлық сәби аяғынан айырылған
ашық дереккөзі

БҚО-да екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 51 жастағы әйел көз жұмды, 23 жастағы әйел мен алты айлық қызы жарақат алды. Көп қан жоғалтқан сәби жансақтау бөліміне түсті, оның аяғын кесуге тура келген, деп хабарлайды Turkystan.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

"Лада Ларгус" пен Hyundai Accent көліктері 1 желтоқсан сағат 19:00-де Орал-Тасқала жолының 46-шы шақырымында апатқа ұшыраған. Көліктердің бірінің рөлінде Теректі ауданы ауылдық полиция бөлімі бастығының орынбасары болған. Облыстық полиция департаменті жүргізуші мас болғанын растады. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әйел Бәйтерек аудандық ауруханасына жеткізілгенін хабарлады. Баланың анасы облыстық көпбейінді ауруханаға ауыстырылды. Жағдайы тұрақты, білек сүйегінің жабық сынуы, қол сүйектерінің жабық сынуы диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта полицей қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

А. Шахмардан