Кінәсін мойындады: Алматы облысында екі құрылысшы төбелесіп, біреуі көз жұмды

Кінәсін мойындады: Алматы облысында екі құрылысшы төбелесіп, біреуі көз жұмды

Кінәсін мойындады: Алматы облысында екі құрылысшы төбелесіп, біреуі көз жұмды
ашық дереккөзі
Алматы облысында құрылыс басында жұмысшылар ішімдік ішіп, арты адам өлімімен аяқталды. Оқиға Жамбыл ауданының Айдарлы ауылында болған. Полицияға 32 жастағы азаматтың пышақ жарақатымен ауруханаға түскендігі жөнінде хабарлама түскен. Оқиғаның мән-жайын анықтап, жедел-іздестіруге кіріскен полицейлер 37 жастағы Ұзынағаш ауылының тұрғынын ұстады.

«Күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын салғанын мойындады. Оның сөзінше, жәбірленуші екеуі бірігіп ішімдік ішкен, артынан екеуінің арасында жанжал туындап, ол бөтелкелесінің ішіне пышақ жарақатын салған. Айғақ зат ретінде пышақ тәркіленді», - делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

32 жастағы жәбірленуші алған жарақатынан 2 күннен кейін ауруханада көз жұмды. Тергеу ҚР ҚК 106 бабы 3 бөлігіне сәйкес жүріп жатыр.