Жаңалықтар

Қолында қаруы бар адам қаңқасы жалған емес

ашық дереккөзі

Қолында қаруы бар адам қаңқасы жалған емес

Әлеуметтік желілерде адам айдалада адам қаңқасы түсірілген сурет жарияланған болатын. Бұл cуреттегі адам қаңқасы із-түссіз жоғалып кеткен аңшыға тиесілі болып шықты, - деп хабарлайды Маңғыстау облысының ІІД өкілдері. Қолында қаруы бар адам қаңқасы түсірілген суреттің жалған емес екені анықталды. ІІД мәліметінше, бұл мәйіт із-түссіз жоғалып кеткен аңшыға тиесілі. Алайда сурет Маңғыстау облысында емес, Қызылорда облысында түсірілген. Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіт 3 қарашада Қазалы ауданының аумағында табылған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мәйіттен зорлық белгілері табылмаған. Маңғыстау полицейлері Қызылорда облыстық ІІД өкілдеріне сауал жіберді. Онда полицейлердің берген жауабында мәйіттің қалтасында Қызылорда тұрғыны деп көрсетілген жеке куәлік табылған. Ер адамның 2015 жылдың 19 тамызында із-түссіз жоғалып кеткені анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Еске салайық, осыған дейін Маңғыстаулық полицейлер далада жатқан адам қаңқасының суретін таратпауды сұраған болатын. Адам қаңқасы мен оның қасында жатқан қару бейнеленген суретті желі қолданушылары да бірнеше күннен бері таратып жатыр. Маңғыстау облыстық ІІД өкілдері суретті зерттегеннен кейін, пікір білдіретінін айтты.