Өміріме қауіп төнеді деп ойламадым: Павлодарда анасы ұлын полицияға ұстатып жіберді

Өміріме қауіп төнеді деп ойламадым: Павлодарда анасы ұлын полицияға ұстатып жіберді

Өміріме қауіп төнеді деп ойламадым: Павлодарда анасы ұлын полицияға ұстатып жіберді
ашық дереккөзі
Павлодар қаласының Қамзин көшесіндегі пәтерлердің бірінен"102" жедел арнасына қоңырау түсті. Телефонның ар жағында жылап тұрған әйел үйінде жанжал шығарған мас ұлын алып кетуді өтінген.  Polisia.kz сайтының жазуынша, әйел келген учаскелік инспекторға ұлын жалғыз өсіргенін, есейген кезде өміріне қауіп төндіретінін ойламағанын айтты. Учаскелік полиция қызметкері маскүнем ұлын алып кетіп, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жатқызды. Ол маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі. "Алдағы уақытта бұл отбасы ерекше бақылауда және жіті назарда болады", – деді Полиция департаментінен.