Массаж салоны ретінде ашқан: Елордада жеңгетайлықпен айналысқан әйел ұсталды

Массаж салоны ретінде ашқан: Елордада жеңгетайлықпен айналысқан әйел ұсталды

Массаж салоны ретінде ашқан: Елордада жеңгетайлықпен айналысқан әйел ұсталды
ашық дереккөзі
Елордада адам саудасына қатысты қылмыстың алдын алу, анықтау және ашуға бағытталған «STOP трафик» жедел-алдын алу шарасы өтті. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, шара басталғанан бері полицейлер 46 адамды анықтап, арнайы есеп алды. Жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық жасау үшін бөлмелерді жалға берген 4 тұрғынға айыппұл салынды, тағы 29 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Полиция қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысқан 40 жастағы әйелді ұстады. Ол массаж салоны ретінде ашқан бөлмелерінде жезөкшелікпен айналысатын притон ұйымдастырған. Әйел пайда табу үшін онда келушілерді интим қызметін көрсететін қыздармен жолықтырып отырған. Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қаладағы саунаның 23 жастағы әкімшісі де ұсталды. Тексеру барысында ақша мен айғақ дәлелдер анықталған», - деді полиция департаментінен. Қазіргі кезде ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері арнайы шара кезінде жеңгетайлық жасау және притон ұйымдастыруға қатысты 10 фактіні анықтады.