"Бұл туралы айтуға әлі ерте, біз ведомствоаралық комиссияның шешімі аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығаруға ақпарат жеткіліксіз", - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов
Айта кетейік, ДДСҰ коронавирустың жаңа штамын зерттеуге біраз уақыт қажет болатынын хабарлаған болатын. Сарапшылардың пікірінше, "омикрон" тезірек таралуы мүмкін, вакцинаға төзімдірек және қолданыстағы ПТР-сынамалары бұл штамды тануға қабілетті.