Мектепте жаңажылдық ертеңгіліктер өткізуге рұқсат беріле ме - БҒМ

2 желтоқсан, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Мектепте жаңажылдық ертеңгіліктер өткізуге рұқсат беріле ме - БҒМ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңажылдық ертеңгілік өткізуге қатысты сұраққа жауап берді.

"Бас санитария дәрігерінің шешімі бар, оған бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер немесе басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Ал бір сынып ішінде мереке өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады", - деп жауап берді ведомство басшысы Сенат отырысында.