Тұрмыстық жанжалдан кейін өз-өзіне қол салмақ болған: Атырауда көлік полицейі суицидтің алдын алды

Тұрмыстық жанжалдан кейін өз-өзіне қол салмақ болған: Атырауда көлік полицейі суицидтің алдын алды

Тұрмыстық жанжалдан кейін өз-өзіне қол салмақ болған: Атырауда көлік полицейі суицидтің алдын алды
ашық дереккөзі
Қалалық көліктегі полиция департаменті Атырауда белгісіз ер адам биік мұнарадан секірмекке әрекеттенген мәлімдеді. Келеңсіз жағдай 1 желтоқсанында сағат 15.00 шамасында болған. Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеевтің айтуынша, депо аумағында белгісіз ер адам бес қабатты ғимараттың биіктігіндей болатын маңайға жарық беріп тұратын мұнарадан секірмекші болған. Көлік полициясының анықтаушысы Бексұлтан Жұмадинов оқиға туралы хабарлаған локомотив депосының инструктор-машинистімен бірге оқиға орнына бірінші болып жеткен. Олар дереу мұнараға көтеріліп, өмірден түңілген ер адаммен әңгімелесе бастаған. Сөйтіп, полиция лейтенанты Жұмадинов ер адамды ойланбаған іс-әрекетті жасамауға көндірген. Ер адам мас күйде болған, ол ішімдік ішкенін және тұрмыстық жағдайларға байланысты өз-өзін өлтірмекші болғанын айтқан. «Әлгі азаматпен сөйлескенде, ол су ішкісі келгенін айтты, су әкеліп бердім. Аздап тынышталғаннан кейін, оған жайлап биіктіктен түсуге көмектесіп, полиция бөліміне алып келдік», - дейді Бексұлтан Жұмадинов. «Полицейлер 38 жастағы Атырау қаласы тұрғынының жеке басын бірден анықтап, онымен профилактикалық әңгімелесу жүргізіп, медициналық қызметкерлер қарап-тексеріп болғаннан кейін үйіне жіберілді. Қазір оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, қазіргі уақытта отбасымен бірге» - дейді О.Бекеев. Полиция қызметкерілерінің айтуынша, әңгімелесу кезінде локомотив депосының инструктор-машинисі Сағындық Бекмағамбетов полиция қызметкеріне көмек көрсетіп, екеуі бірлесіп суицидтің алдын алған. «Полиция лейтенанты Бексұлтан Жұмадинов ішкі істер органдарында 7 жылдан бері қызмет етеді. Еңбек жолын Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімінде патрульдік полиция қызметкері лауазымынан бастаған. Департамент басшылығы алдағы күндері өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын Б.Жұмадиновты марапаттауға шешім қабылдап отыр», - деп сөзін түйіндеді еліміздің бас көлік полицейі О.Бекеев.