Кінәсін мойындады: Петропавлда көшеде жалаңаш жүрген ер адам қамалды

Кінәсін мойындады: Петропавлда көшеде жалаңаш жүрген ер адам қамалды

Кінәсін мойындады: Петропавлда көшеде жалаңаш жүрген ер адам қамалды
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Петропавлдағы Ойқала ықшам ауданында күндіз көшеде жалаңаш жүгірген ер адамның бейнежазбасы пайда болды. Полицейлер құқық бұзушыны ұстады. Ол 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Есірткіге еліткен ер адамға «Ұсақ бұзақылық» бойынша материал жиналып, іс сотқа жіберілді. Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты 29 қараша күні 1986 жылы туған Петропавл тұрғынына қатысты істі қарады. Құқық бұзушы өз кінәсін мойындады. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 10 күнге әкімшілік қамауға алуға үкім шығарды.